A A A+
«Ұлыстың-Ұлы күні»

Биылғы мерекелік бағдарлама өзгеше. Барлық ойындар ұлттық салт-дәстүрге, аңыздар мен ертегілерге сүйеніп ұйымдастырылған.

Бүлдіршіндер қазақ батырларының, ертегі кейіпкерлерінің, тіпті, Алдар Көсенің образын сомдаған қойылымдар қойды. Бұдан басқа, жыл бастауы саналатын мерекеге байланысты дайындаған тақпақтарын, әндерін айтып, жырдан інжу-маржан шашты.