A A A+
«Асық-асыл қазына»

15-ші қараша күні №30 «Жұмбақ»  бөбекжай бақша базасында №33 «Көркемай» бала бақшасының ұйымдастыруымен «Асық-асыл қазына» атты қалалық семинар болып өтті. Семинар барысында асық терапиясын қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалармен дене шынықтырудан ҰОҚ элементтері көрсетілді. Және де ҰОҚ түрлеріне арналған, асықтардан жасалған көптеген дидақтикалық ойындар, материалдар, көрнекі құралдардың көрмесі ұйымдастырылды.