A A A+
«Дәрігер Айболит бізде қонақта »

Маусым айының 17 мен 21 күндер аралығында – біздің балабақшада «Дәрігер Айболит бізде қонақта » атты  іс шара өтті. 

 

Іс шара "Денің сау болсын десең, дене тәрбиесімен, таза ауамен достас" ұранымен басталды . Барлық топтар алын ала дайындалып, топтарға ат беріліп, эмблемалар жасап, ұрандар жаттап, транспаранттар дайындады. Балалар қапшықтармен секіріп, жер өлшегіштерге айналып, батырлар болып және арқан тартты. Біздің мерекеде жеңілген балалар болмады, барлықтарына медальдар берілді. Бәрінің де көңіл-күйлері тамаша болды. Бәрі өздерін сау, сергек және көңілді сезінді