A A A+
8 наурыз Хаықаралық мерекесіне орай балабақшада ертеңгіліктер болып өтті

8 наурыз Хаықаралық мерекесіне орай балабақшада ертеңгіліктер болып өтті.

І-сәбилер тобының бүлдіршіндерінен бастап өз анасына, әжесіне деген сезімдерін әнмен, тақпақпен, бимен жеткізіп жатты. Мультфильмдер мен ертегілер әлемінен келген кейіпкерлер тек қана балалармен емес аналармен де ойындар ойнап, көрермендер мен балалардың көңілін көтерді. Естияр және ересек топтарының балалары әжелері мен аналарына арнап түрлі концерттік нөмірлер әзірледі. Мереке соңында балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті.