A A A+
Ересек топ балалары арасында спорттық- интеллектуалдық эстафета

2018 жылдың қаңтар айының 16-сы күні ересек топ балалары арасында спорттық- интеллектуалдық эстафета өткізілді.

Жарыста «Жүйріктер» (№ 1-ші ересек топ), «Дружба» (№ 2 ересек топ), «Пингвины» (№ 3-ші ересек топ) топтары өз жүйрік, епті, жылдамдықтарын сынады. Спорттық эстафета сәлемдесуден басталып, балалардың спорттық, интелектуалдық қабілеттерін айқындайтын турлармен жалғасын тапты. Балалардың тапсырмаларды дұрыс, мұқият орындауларын бағалайтын әділқазы алқа мүшелері №4-ші ортаңғы топ ата-анасы Жаншина Алмагуль, №1-ші ортаңғы топ ата-анасы Токкожин Мереке және балабақша аға мейірбикесі Кобланова Бақтыгүл Ибағалиқызынан құралды. Балалар мінсіз сайысып, ережелерді жақсы орындап, ептілік, тапқырлық, батылдық танытып, эстафета тамаша деңгейде өтті. Эстафетаға қатысқан  командалар марапатталды. Бұл эстафетадан балалар керемет әсер алып, бір сергіп қалды.