A A A+
МКҚК № 30 «Жұмбақ» балабақшасының төлқұжаты

Бiз туралы

Сайт: www.zhumbak.kz

Құрылтайшы: Атырау қаласының әкімдігі

Мемлекеттік басқару органы: қалалық білім бөлімі

Мектепке дейінгі мекеме басшысы: Айтжанова Қамка Бекенқызы 

Білімі: жоғары, педагогикалық

Еңбек өтілі: 29 жыл

1.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру мекемесінің

басты сипаттамасы 

МКҚК № 30 «Жұмбақ» балабақшасы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады және балалардың зияткерлік-эстетикалық дамуына тиімді қол жеткізуді көздейді; баланың дене, психикалық саулығына және эмоционалды жай-күйіне қажетті жағдай құра отырып, балалардың күтімі мен саулығын қамтамасыз етеді; баланың қоршаған әлеуметтік ортада оңтайлы бейімделуіне және өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік беретін педагогикалық үрдісті ұйымдстырады; баланың толыққанды дамуы үшін отбасымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады; мектеп жасына дейінгі балаларды дамыта тәрбиелеу мен оқытуды жүргізеді.  

Балалардың топтарда жиынтықталуының нормативтік мерзімі 

Бөбек жасындағы топтар – 2 – 3 жас.  

Мектеп жасына дейінгі  топтары– 3 – 6 жас.   

Жұмыс реттелімі:

аптасына 5 күн;

10,5 сағат (08.00 ден 18.30 дейін) 

Топтар саны: 16, оның – 9 қазақ тілінде, 7 – орыс тілінде - 11 топ ескі ғимаратта, 5 топ жапсаржайда.

Балабақшаны бағдарламалық қамсыздандыру

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы. («Бөбек», 2010).

Авторлық «Балалар дизайны» бағдарламасы. 

(Атырау, 2009).                                                            

Әдістемелік нұсқаулық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінің  ғажайптары» Жұмағазиева Г.Х. (Атырау, 2016).

Жинағы «Қызықты іс- тәжірибелер» Рамазанова Г.Н. (Атырау, 2016).

«Ағылшын тілі» әдістемелік құрал. Ж.Қ. Рахымбаева, Ә.А. Мұратханова («Арман – ПВ» баспасы, 2015) (3-4 жас)

Балаларды ерте жастан оқуға үйрету бойынша Зайцев текшелерін жұмыста қолдану.